«ТАРАЗ – ҒАСЫРЛАР КУӘСІ»
«ТАРАЗ – ҒАСЫРЛАР КУӘСІ»
Оқырмандардың бойында ұлттық сананы ояту, туған өлкеге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату мақсатында өткен шараға Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиев, Тараз қалалық мемлекеттік архивінің директоры Нұрхат Серікбаев, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тарихи-мәдени мұраларды зерттеу және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Салтанат Ділдәбекова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Лаура Байтұрсынова және Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның мұғалімі Рауан Ошақбаев қатысты. Кеш қонақтары өз саласы бойынша Жамбыл облысының кешегісі мен бүгіні жайлы, Ұлы Жібек жолынан бастап, Әулиеата өңірінің тарихы мен тағылымы, аймақтың қазіргі тыныс-тіршілігі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану музейінен әкелінген құнды жәдігерлер оқырмандарға таныстырылды. Сонымен қатар іс-шарада патриоттық әндер шырқалып, күй тартылып, облыстың көрікті жерлерінен фотогалерия көрсетіліп, бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.