Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Би батл» таланттар байқауы өтті
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Би батл» таланттар байқауы өтті
Сайыс негізгі екі кезеңнен тұрды: өз командасын би арқылы таныстыру және негізгі композицияны көрсету. – Заманауи би түрлері тек өнер ғана емес, дене қимылына негізделген спорт әрі жастар арасында қалыптасқан мәдениет болып та саналады. Шаңырақтар арасында жыл сайын өткізілетін «Би Батлға» оқушылар жыл сайын ерекше дайындалады. Өнерлі оқушылар сахна төрінде отырып, керемет өнерлерін паш етіп, нағыз жұлдыздардың рөлін сомдады. Ырғақты би, таңғажайып харизма – мұның бәрі мектеп оқушылардың энергиясына толтырады. Би батл- бұл топтық жарыс қана емес, оқушылардың ұйымшылдығын, татулығын арттырады. Екінші кезеңнің ерекше көрнекті бөлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналды. Бұл дарындылық пен шығармашылықты ғана емес, сонымен бірге маңызды әлеуметтік мәселеге назар аударуға мүмкіндік берді. Ерекше сайыстың жеңімпаздары: Бас жүлде: Шанырак “Хан тәңірі” 1-орын: Шанырак “Кәусар” 2-орын: Шанырак “Тарлан” 3-орын: Шанырак “Бірлік” Жеңіске жеткен шаңырақтарды құттықтаймыз. Ең қызықты кезең жеңіске жеткен топ ендігі кезекте қалалық мектептер арасындағы нағыз таланттармен жарысқа түсетін болады.