Жаңалықтар

Антикор еріктілері 26 миллион теңге бюджет қаражатын үнемдеді

Антикор еріктілері 26 миллион теңге бюджет қаражатын үнемдеді

Антикор еріктілері мемлекеттік сатып алу порталына жүргізілген зерделеу барысында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі» КММ тарапынан оқу кабинетін жабдықтау бойынша жарияланған конкурстың бағасы жоғары екенін анықтаған.

Зерделеу барысында білім беру мекемелеріндегі ұлдарға және қыздарға арналған физика, биология, химия сияқты оқу кабинеттерін материалдық-техникалық жабдықтауға бюджеттен 367 млн тг бөлінген, ал орташа баға 340-345 млн арасын құрайды. Зерделеу қорытындысы бойынша аталған мекемеге тиісті хат жолданып, конкурстың бағасы қайта қаралып 341 млн тг бөлінді. Нәтижесінде 26 млн тг бюджет қаржысы үнемделді