Жаңалықтар

Жамбыл облысында квазимемлекеттік мекеменің басқарма төрағасы 209,9 млн теңге жымқырған

Жамбыл облысында квазимемлекеттік мекеменің басқарма төрағасы 209,9 млн теңге жымқырған

Жамбыл облысының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген бюджет қаражаттарын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «Меркі» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС квазимемлекеттік мекемесінің бұрынғы басқарма төрағасы және оның орынбасары ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы нақты сатылмаған алма көшеттері үшін 209,9 млн теңге субсидия алған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.