«СабақTime» Сәтті өтті
Облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «СабақTime» жобасы аясында тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Тарих сабақтарында белсенді оқу әдістерін қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық ашық сабақтар циклі өтті.
Тарих пәнін оқытуда педагогтардың тәжірибелік және пәндік құзыреттіліктерін арттыру, тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында өткен іс-шара барысында педагогтар Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназияның 9-11-сыныптарына ашық сабақтар ұйымдастырды.
Ашық сабақ кезінде тарих сабақтарында белсенді оқу әдістерін қолдану, пәнді оқытуда құндылыққа бағдарланған білім беру, заманауи әдістемелер мен педагогикалық технологиялар, білім берудің сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың, білім алушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары талқыланды.
Іс-шараның тәжірибелік кезеңінде Тараз қаласы мен Меркі, Қордай, Т.Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарының педагогтары «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы негіздері» пәндерінен «Ақ Орда – Қазақ хандығының негізі», «Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылық ерекшеліктері қандай?», «ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары», «Қазақ хандығы: мемлекеттің саяси институттары», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы» тақырыптарында 9,10,11-сынып оқушыларына ашық сабақтар өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Облыстық ашық сабақтарға облыс аудандары мен Тараз қаласының тарих пәні мұғалімдері, «1000 мектеп» жобасына енген мектептердің пән мұғалімдері – барлығы 50 педагог қатысты.
Айжан Өзбекова