ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАНДЫРУ
Бүгін Жуалы ауданында сағат 15.45-тен бастап ауа-райының нашарлауына байланысты «Б.Момышұлы–Көлтоған-Қошқарата-Қыстоған» тас жолының белгілі бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Arainfo тілшісі облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– «Б.Момышұлы–Көлтоған-Қошқарата-Қыстоған» облыстық маңызы бар автокөлік жолының учаскесінде көлік қозғалысы 10-76 шақырымына дейін жабық. Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар. "Дәрмен" тегін қосымшасында ескерту сипатындағы хабарламалар орналастырылған, – делінген жазбада.