Жаңалықтар

«Алматы-Ташкент-Термез» бағытында жол учаскелері жабылды

«Алматы-Ташкент-Термез» бағытында жол учаскелері жабылды

«Алматы-Ташкент-Термез» бағытында жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 7 ақпанда сағат 14:30-да Жуалы ауданы, «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар к/ж (Айша бибі ауылы, Түркістан облысы шекарасы 534-593 шқ) ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің нашарлауы) барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды. Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар. "Дәрмен" тегін қосымшасында ескерту сипатындағы хабарламалар орналастырылған