Жаңалықтар

Екатеринбург-Алматы тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Екатеринбург-Алматы тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Екатеринбург-Алматы тас жолының белгілі бір бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– 2024 жылғы 7 ақпанда «Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызы бар к/ж (2005-2133 шқ Қарағанды облысы шекарасы–Шығанақ ауылы) Қарағанды облысындағы шектеулерге байланысты (минус температурасында жаңбыр қармен) барлық көлік түріне қозғалыс тоқтатылды. Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар. "Дәрмен" тегін қосымшасында ескерту сипатындағы хабарламалар орналастырылған, – делінген жазбада.