Олжас Бектенов – Үкімет басшысы
Олжас Бектенов – Үкімет басшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кандидатураны әуелі «Amanat» партиясы ұсынғанын және аталған ұсыныспен келіскенін айтты.
Пленарлық отырыста қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракциялары талқылап, бірауыздан шешім қабылдады. Айта кетейік, Олжас Бектенов 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары. 2019-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы. 2023 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болды.