Жаңалықтар

Жамбылда 200-ден астам азамат зардап шеккен

Жамбылда 200-ден астам азамат зардап шеккен

Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2023 жылы жәбірленушілердің арыздары бойынша қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 3 қылмыстық істі тіркеп, жәбірленушілерге 45 миллион теңге өндіріп берген.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары мәлім етті. Дереккөзге сүйенсек, облыста жұмысы тоқтаған қаржы пирамидаларының бірі – «Chia Tai Tianqinq Pharmaceutical Group». Аталған пирамида ұйымдастырушысына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында сатып алынған пәтер түріндегі мүлік пен 10 миллион теңгеден астам қаражат тәркіленген. Сонымен қатар былтыр өңірде қаржылық пирамида белгілері бар сайттарды жою кезінде 1 013 сілтеме бұғатталған.