«Капитал мечты» келтірген залал 1 миллиард теңгеден асқан
«Капитал мечты» келтірген залал 1 миллиард теңгеден асқан
«Капитал Мечты» ЖШС қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті аяқтады.
ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10 пайызын төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды. Қаржы пирамидасының басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.