Қоғам

Зейнеткердің үйінен 30 келіден астам қарасора тәркіленді

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен полиция қызметкерлері Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының 64 жастағы тұрғынын ұстады.

Ер адам өз үйінде шатыр, ас үй бөлмесінің жертөлесі, жатын бөлмесі, аула сынды жеті жерден жасырын орын дайындап, есірткі заттарын сақтаған. Тінту кезінде полиция қызметкерлері барлығы 30 келі 700 грамм кептірілген қарасора тәркіледі. Жауап алу кезінде күдікті кінәсін мойындады. Қарасораны ол Байзақ ауданының құмға жақын аумағында жинап, кептірген. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

АЙЖАН ӨЗБЕКОВА