Жаңалықтар

Қазақстан мен түркия тұқым шаруашылығын берлесе дамытады

Түркия Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Эбубекир Гизлигидер бастаған түрік делегациясы Астана қаласына жұмыс сапарымен келді. Ұйымдастырылған кездесулер барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобалар талқыланды.

 «Дөңгелек үстел» форматындағы кездесуде Эбубекир Гизлигидер мен ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек тұқым шаруашылығы және ирригациялық жүйелер мәселелерін көтерді. Әбілхайыр Ғалымұлы Қазақстан Түркиямен белсенді ынтымақтастықта екенін атап өтті.

Түрік тарапынан Қазақстанда ауылшаруашылығы бойынша түркітілдес мемлекеттердің сегізінші ECOSA саммитін өткізу туралы ұсыныс түсті. Әбілхайыр Тамабек министрлік KazAgro/KazFarm халықаралық көрмесімен бірлесіп саммит өткізу туралы мәселені пысықтап жатқанын айтты.

Сонымен қатар түрік тарапы Қазақстаннан оларды түркітілдес елдердің өкілдері кіретін ECOSA консультативтік органына қосу үшін кандидаттарды ұсынуды сұрады. Вице-министр министрлік бұл мәселемен айналысады деп уәде берді. Талқылаудан кейін түрік делегаттарына экономикалық өсу мониторингі және мемлекеттік бағдарламаларды орындау жөніндегі құралдар жиынтығы болып табылатын «Smart Data Ukimet» жобасы көрсетілді. Бұдан әрі Түркиядан келген әріптестерге «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы таныстырылып, Қазақстанда пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлері қалай анықталатыны, атап айтқанда, жерді ғарыш қашықтығынан зондтау арқылы анықталатыны баяндалды.

Бұған 2022 жылы іске қосылған «JerInSpectr» ақпараттық жүйесі көмектеседі. Ол ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануға автоматтандырылған мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға және ЖҚЗ деректері негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді. «JerInSpectr» жұмысының арқасында 1 миллион гектар пайдаланылмаған егістік және 12 миллион гектар жайылым жер анықталды.

Сонымен қатар өткен жылдың 16 қаңтарында «jerkarta.gharysh.kz» геосервисі іске қосылды.Бұл геосервис мемлекет пайдасына қайтарылған пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің интерактивті картасы. Сапар соңында Түркиядан келген делегация С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жұмысымен танысты.

Талғат Нұрханов