Мәдениет

Қаламгер құрмет құшағында

Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, қарымды қайраткер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы 65 жасқа толды.

 Қаламгердің мерейлі жасына орай Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасы «Көсемәлінің көркем әлемі» атты шығармашылық кеш ұйымдастырды. Жиын облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясында өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен жазушының қаламдас әріптестері жиналды.

 

Әлі де сізден аларымыз көп. Мына жиналған халықтың атынан, өзім жетекшілік етіп отырған басқарма атынан шығармашылық табыс, мол жетістік тілеймін, – дей келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Кеш барысында ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанның мерейтой иесіне жолдаған құттықтау хаты да оқылды. Ол да жылы лебізге толы. Кеште сөз алған ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов та қуаныш иесіне арнау өлеңін оқи келіп: «Мен Көсемәліні республикалық баспасөздерге еңбегі сіңген қаламы ұшқыр журналист, көркем туындылары көңілден шыққан талант иесі деп танимын.

Іс-шара соңында Көсемәлі Сәттібайұлы сөз алып, мерейтойына ортақтасқан барлық қонақтарға, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына, Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының ұжымына алғысын білдірді.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ