Жаңалықтар

Тараздық студент Ұлттық қордан түскен ақшаны бірінші болып пайдаланды

Тараздық студент Ұлттық қордан түскен ақшаны бірінші болып пайдаланды

18 жастағы Диас Болат БЖЗҚ-дан өз жинақтарын алу үшін елімізде ең бірінші болып шот ашты. Ол қордан түскен қаржысын Отбасы банкіне депозитке салып, үй алуға ақша жинауды жоспарлап отыр.

Ал шымкенттік 18 жастағы Дастан Ахмет enpf-otbasy.kz платформасынан шот ашып қана қоймай, БЖЗҚ-дан жинаған ақшасын сұрап та үлгерген. «Отбасы банкіндегі» шотына қаражат аударылған бойда ол оқу ақысының бір бөлігін төлей алады. Болашақ ІТ маманы ақылы бөлімде білім алуда. Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қорда жиналған ақшасын пайдалана алады.