Жаңалықтар

СМАРТФОН ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ

СМАРТФОН ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ

.Қазіргі мың құбылған мына қызылды-жасылды өмірімізді қалта телефонынсыз көзге елестету мүмкін емес. Жан-жағыңызға бір сәт зер салып көріңізші: бала да, жас та, қарт та қалта телефонына тәуелді болған. Кез келген жерде, басқа әлем жоқтай қалта телефонымен «әуреге түсіп» бара жатқанын, көз алмай қадалып отырғанын көресіз.

Әлеуметтік желі деген желдей есіп тұр. Барлық өзгерісті, жаңалықтарды алғаш солар арқылы білеміз. Демек мобильді құрылғылар өмірімізге етене араласып кетті және ақпарат алмасу мен сөйлесуде көшбасшы болып отырғанын мойындауымыз керек. Қызмет болсын, жеке шаруа болсын, қалта телефонының көмегімен шешіп жатамыз. Базбіреулер бір емес, бірнеше смартфон ұстап жүргенін байқау қиын емес. Интернет желісі де алқымнан алып тұр. Әйтеуір, қыж-қыж қайнаған қызу өмір, аласұрған кезең, асыққан уақыт. Әрине, бары жақсы. Бірақ адам денсаулығына олар қалай әсер етіп жатыр? Қоршаған ортаға олар нендей залал келтіріп жатыр? Көпшілік ол жағынан мақұрым. «Смартфондар мен телефондар элек тромагниттік толқындар шығарады. Қызықтырмай қоймайтын тарифтік жоспарлар халықты ұялы телефонға телмірте түседі және электромагниттік сәулелену мөлшерін арттырады. Жүйке жүйесі, иммундық, эндокриндік және жыныстық жүйелер электромагниттік өріске сезімтал келеді және ұзақ уақытқа жалғасса, неше түрлі жағдайлар болуы мүмкін», деді таяуда елордада өткен конференцияда дәрігер Сәдуақас Байғабылов. Ол электромагниттік сәулелердің зиян екенін ескертіп, ұялы телефонды пайдаланудың тәртібін айтып берді. 37 сантиметр қашықтықта ұялы телефондар 3 мкВт/см2 артық сәуле таратпауы тиіс. Сынақ ретінде астаналық департамент ұжымы қолданатын түрлі телефондардың сәуле тарату тығыздығын өлшеп көрген. Мамандар төрт байланыс стандартында (жиілікте) келіп түскен қоңырау, сөйлесу және біреуге хабарласу режімінде зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, екі танымал смартфон брендінде қоңырау шалуда электромагниттік сәуле 0,3-0,6 мкВт/см2 құраған. Келіп түскен қоңырауда  0,3-0,5 мкВт/см2, сөйлесуде – 0,4-0,5 – мкВт/см2. Одан төменірек смартфонда сәйкесінше 0,3-7,1 мкВт/см2, 0,4-22,1 мкВт/см2, 0,6-3,8 мкВт/см2 тіркелген. Батырма арқылы басқарылатын құрылғыларда орташа диапазон 0,2- 7,9 мкВт/см2, 0,2-9,1 мкВт/см2, 0,2-7,0 мкВт/см2. Мобильді құрылғыны басқа жақындатқанда сәуле мөлшерінің арт уы байқалған. Сәдуақас Байғабылов арзан және батырмасы бар телефондармен жиі сөйлеспеуге кеңес береді немесе дауыс зорайтқыш байланысты таңдағаны жөн. «Бұл материал – смартфон брендтеріне арналған жарнама-антижарнама емес. Тұтынушыларға мобильді құрылғымен ұзақ сөйлесудің зиян екенін ескерту», деді ол. Бұдан шығатын ұсыныс: үздіксіз сөйлесу 3-4 минуттан аспауы тиіс; жүкті әйелдер мобильді байланысты сирек қолданғаны жөн; ұялы телефон сатып аларда сәулені аз тарататын модельді таңдау керек; автокөлікте «hands-free» жүйесін жиі қолданған жөн. Ғалымдар ұялы телефондардың миға қалай әсер ететінін және олардың әсерін қалай азайтуға болатындығын түсіндірді. Ұялы телефондардың адам денсаулығына қалай әсер ететіні әлі толықтай зерттелген жоқ. Дегенмен смартфонды үнемі қолданатын адамдар «гаджет көру қабілетінің нашарлауына және жүйке жүйесінің зақымдалуына, ми қатерлі ісігі мен ісіктердің басқа түрлерінің пайда болуына сеп болады» деп қорқады. Бұл рас па? Ұялы телефондар радиожиілік энергиясын немесе дене тіндеріне сіңетін радио толқындарын бөледі. Швейцарияның «тропик алық зерттеулер және қоғамдық денсаулық инстит утының» эк ол огиялық әсер ету және денсаулық сақтау бөлімі мамандарының айтуынша, сәулеленудің бұл түрі қауіпті емес. «Смартфондарда теледидар мен радио секілді радиосәуле өте төмен. Олар шығаратын сәулені иондаушы, р а д ио а к тивті н еме се р е н тге н сәулелерімен салыстыруға келмейді», дейді олар. Яғни сәулеленудің бұл түрі ДНҚ құрылымына тікелей зақым к елтірмейтін көрінеді. Ал айд а к е йбі р зерттеуш і л ер смартфонды жиі қолданатындарда ми ісіктерінің белгілі бір түрлерінің пайда болатынын айтады. Десе де щвейцариялық ғалымдар бұл ақпараттың ретроспективті және онк ол огиямен ауыратын науқастардың бұрын смартфондарды қаншалықты жиі қолданғаны туралы сауалнама негізінде жасалғанын және бұрмаланғанын айтып отыр. Мұны Бристоль университетінің эпидемиология және денсаулық сақтау саласының мамандары да растайды. Олардың айтуынша, егер ұялы телефонды жиі пайдалану ауыр аурулардың қаупін едәуір арттырса, ол ғылыми әдістердің арқасында тез анықталатын еді. Смартфон есте сақтау қабілетін төмендетеді Жоғарыда айтылған ақпараттарға қарап, ұялы телефонның радиотолқындары біздің миымызға мүлдем әсер етпейді деуге болмайды. Өйткені соңғы зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, смартфондар жасөспірімдердің есте сақтау қабілетіне теріс әсер етеді. Мұны айтқан ғалымдар бір жыл ішінде смартфонды жиі қолданатын 12-17 жас аралығындағы 700 жасөспірімнің жадын тексерген. Олардың айтуынша, смартфондардан бөлінетін электромагниттік сәуле жасөспірімдердің ақпаратты, әсіресе дерексіз бейнелерді есте сақтауына теріс әсер ететін көрінеді. Бұл жағдайда тікелей әсер тек телефонмен сөйлесу кезінде болады екен. «Мобильді құрылғы басына жақын болған кезде радиацияның 80 пайызы сіңеді», деп түсіндіреді олар. Бір қызығы, телефон оң құлаққа жақын тұрған кезде жад функциясы радиотолқындарының теріс әсеріне көбірек ұшырайды. Ғалымдар мұны бейнелі жадқа жауап беретін мидың бөліктері негізінен оң жарты шарда орналасқандығымен ба йл а н ыстыра д ы. С о н д а й-а қ хабарламалар жазу, фотосуреттер мен бейнелерді қарау, ойындар, мобильді интернетті пайдалану есте сақтау қабілетіне қатты әсер етпейді екен. Қазір телефонды өте көп қолданатын кей адамдардан жағымсыз әрекеттерді жиі байқаймыз. Ал білікті мамандар жүйкеге зақым келмес үшін смартфонмен сөйлескенде сол жақ құлақты немесе дыбыс зорайтқаш пен құлаққапты қолдануды ұсынады. Әсіресе байланыс нашар жерде сақ болу қажет. Өйткені бар әлемді жаулаған құрылғы дене мүшелерінен бұрын мінез-құлықтың бұзылуына соқтырады. «Ұялы телефондарға тәуелділік адамдармен қарым-қатынас жасауға, психик алық денсаулық пен әл-ауқатқа кері әсерін тигізетіні бұрыннан дәлелденген», дейді ғалымдар. Мысалы, 2015 жылы жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, смартфондарды көп қолданатын жасөспірімдердің ұйқысы нашар және тез шаршайтыны анықталған. Демек бұл тұрғыдан аталған гаджет өте зиянды. Барлығы телефонды қалай, қанша уақыт қолданатыныңызға байланысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуіне қарағанда смартфондарда болатын радиация ересек терден гөрі баланың денсаулығына аса қауіпті. Украина пед иатры, професс ор Сергей Няньковский баланы гаджеттердің осы және басқа да қаупінен қорғау жөнінде бірнеше кеңес береді: – Кейде үлкендер баламен телефон арқылы сөйлесіп жатады. Олар ұзақ тілдеспесе де, сол уақыт аралығында бала үшін қауіпті радиация тез тарайды. Сондықтан оның телефонмен сөйлесу уақытын мейлінше қысқартып, телефон тұтқасын бала құлағына тақамай, гарнитурамен немесе телефонның дыбыс зорайтқышын қосып, сөйлескен жөн. – Телефон шалбарының қалтасына, қыз баланың ішіне жақын қалтаға салуға болмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеудің нәтижесінде телефоннан тарайтын радиацияның жыныс жасушаларын зақымдайтыны анықталды. – Балаға ұйықтардан 1-2 сағат бұрын мүлде телефон ұстамауды және оны басына жақын жерге қоймауды үйретіңіз. Телефон төсектен ең кемі жарты метр алыс болғаны  жөн. Бұл ереже ересектерге де қатысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бірнеше рет жасаған зерттеуі телефонды 10 немесе одан да көп жыл пайдаланған адамда ми ісігі қаупі болуы мүмкін екенін анықтады. – Бала смартфондағы ойынды ойнап жатса, оны әуе режиміне қоюды ұмытпаңыз. – Ұйықтарда үйдегі Wi-Fi роутерін өшіріп қойған жөн. Көршілеріңізден де соны өтініңіз. Себебі Wi-Fi төмен деңгейлі микротолқын сәуле таратады. Ол адамның терең ұйқыға кетуіне кедергі келтіріп, енжар етіп, жадына кері әсерін тигізеді. – Ең бастысы балаға жеке ақпаратты қорғауды үйретіңіз. Қазіргі кезде ұялы телефон компьютерден кем қызмет көрсетпейді. Интернеттен пайдалы ақпарат алып қоймай, желі хакерлері тұлғаның жеке басына қауіп төндіріп жатады. Сондықтан балаға бейтаныс адаммен сөйлеспеуді, телефон нөмірі, аты-жөні мен басқа да жеке ақпаратты айтпауды үйретіңіз. Дәрігер Сергей Няньковский бір еңбегінде америкалық әріптесі Роберт Блоктың балалар физиологиясына қатысты айтқан сөзін дәйек ретінде қолданған. Роберт Блоктың айтуынша, бала ағзасы қоршаған ортаның әсеріне ғана емес, ұялы телефонның сәулелеріне де ересектерге қарағанда өзгеше реакция береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігінің мәліметінше, ұялы телефон қолданған баланың миына орташа радиожиілікті энергетика күші ұялы телефон қолданған ересектердің миына қарағанда екі есе, ал оның бассүйек кемігіне ересектердікіне қарағанда 10 есе көп түседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар телефонмен көп сөйлесетін жандарда бас ауруы, ұйқышылдық, ашушаңдық белгілері кездесетінін анықтаған. Сондай-ақ ұялы телефоннан бөлінетін электромагниттік толқындардың есте сақтау қабілетін нашарлататыны, қатерлі ісіктің пайда болуына әкеп соқтыратыны дәлелденген. Балалар гаджетпен көп ойнаған уақытта жүйке жүйесі мен ойлау қабілетіне зиян келеді. Сондай-ақ мамандар құрылғылардан бөлінетін сәуленің бас ауруы, есте сақтау және көру қабілетіне душар ететінін анықтап, ұйқысыздыққа шалдықтыратынын дәлелдеген. Сондықтан балаларға мұндай құрылғыларды беруден бас тарту керек. Кейбір гаджеттерді қолдану нұсқаулығында тәулігіне бір сағат қана гаджетпен ойнауға болатыны жазылған. Ең жақсысы, балаңызды табиғат аясында ойнату. Көбіміз телефонды өшіріп қойсақ, одан келетін зиян аз болады деп сенеміз. Алайда өшірулі тұрған телефонның өзі адам организіміне зияны шаш етектен. Мамандардың пайымдауынша, байланыс құралын өзіңізден неғұрлым алысырақ ұстау керек екенін айтады. Әсіресе мамандар ұялы телефонды бас жаққа қойып ұйықтауға болмайтынын ескертеді. Себебі телефоннан бөлінетін элек тромагниттік толқындар ұйықтап жатқан адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, ұйықтауға кедергі келтіреді. Ұялы телефонның магниттік толқындары мен сәулесінен бөлек, денсаулыққа зиян келтіретін басқа да тұстары бар екен. Мамандардың сөзіне сүйенсек, гаджеттерді күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде алып жүру өте қауіпті. Өйткені олар электр тоғын өткізгіш қасиетке ие болғандықтан найзағай ұру қаупін тудыруы әбден мүмкін. Гаджеттердің денсаулыққа қауіпті екенін біле тұра бүгінде олардан бас тартатындар кемде-кем. Керісінше, телефондарға, планшеттерге, смартфондарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Сәйкесінше, ақпараттық технология қарыштап дамыған сайын аталмыш бұйымдардың қауіптілігі де жоғарылай түседі. Жыл сайын ұялы телефон, смартфон, планшеттердің су жаңа түрлері нарыққа шығып жатыр. Жаңаларының функциялары да, сипаттары да сан алуан. Бесіктен белі шықпаған жас балаға ойыншық орнына смартфон ұстатып, бала тыныштансын, жыламасын, мазамызды алмасын деп балаларын жұбататын ата-аналар аз емес. Оның бала денсаулығына қаншама зиян келтіріп жатқанында жұмыстары жоқ. Әттең, әттең дейсің, қынжылып. Қазақстандық отбасылар балаларына планшет сатып алып беруге құмар. Ал балаларға түрлі-түсті мультипликацияларға толы ойындар, олардан шығатын дыбыс тек қызығушылығын молайта түседі. Ал одан келетін салдарды түсіне бермейді. Зияны туралы айтқанымен, байыбына барып, түсінбейді. Бала болған соң, қай ана баласының қалауынан бас тартсын? Ең сорақысы, жас аналарымыз, кейде баласын емізіп отырып, смартфонын ақтарып, интернетке әлеуметтік желіге кіріп отырады. Ал буыны қатпаған балаға оның қаупі өте жоғары. Балаңыздың денсаулығы маңызды болса, ұялы телефонды мүлде балаға жақындатпауға тырысыңыз. Әрине, балаңызға заманауи құрал беру, бермеу өз еркіңізде, бірақ осындай зияны бар екенін біліп жүргеніңіз жөн. Балаларды мүмкіндігінше гаджеттерге тым әуестендірмей, шектеу қойған абзал.

Толқын АЙМАХАНОВА, «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің оқытушысы,