Жастар

Студенттерге жатақханадан орын алу жеңілдемек

Студенттерге жатақханадан орын алу жеңілдемек

Бұдан былай студенттерге «Электрон­дық үкімет» порталында телефон нөмірін тіркеп, SMS алуға мүмкіндік берілмекші. Студентке енді өтініш жазудың қажеті жоқ.

Өтінімдерді проактивті форматта қабылдау жоспарланып отыр. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа осындай түзетулер жобасы қоғамдық талқылау үшін жарияланды. Телефон нөмірін тіркегеннен кейін студент автоматты түрде мемлекеттік қызметті көрсету туралы хабарлама алады. Ол тек келісімді немесе қызмет көрсетуден бас тартуды жіберуі керек, содан кейін қажетті құжаттарды ұсынады. Қағидалардың қолданыстағы редакциясы бойынша, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ақпараттық жүйелері және «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш қабылданады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының жауабын күту мерзімі сұрау салу түскен сәттен бастап 24 сағатты құрайтыны аталып өткен.

Ақтоты Жаңабай