Жаңалықтар

Тараз полициясының жұмысын енді QR-код арқылы бағалауға болады

Тараз полициясының жұмысын енді QR-код арқылы бағалауға болады

Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің жұмысын енді QR-код арқылы бағалауға болады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Қоғаммен тығыз өзара іс-қимыл жасау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әзірлеп жатқан 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының негізінде жатқан негізгі фактор болып табылады. Бұл модельдің ортасында адам тұрады, мемлекеттік орган мұндай өзара әрекеттестік нәтижелі болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Бұл Тараз станциясында Желілік полици бөлімі қызметіне енгізілген QR-кодтың жаңашылдығына негіз болды. Енді оның көмегімен қарапайым сауалнама толтырып, Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің жұмыс сапасын бағалауға болады және қай жерде мәселе болса, оны жою жолдарын белгілейді. QR-код Тараз теміржол вокзалының кіре берісінде, вокзал ғимаратының ішінде, полиция пунктінде ыңғайлы және қолжетімді жерлерде орналасқан. Жауаптар Google іздеу жүйесі арқылы талданады.