ЕЛІМІЗ БОЙЫНША ЕКІНШІ ОРЫНДАМЫЗ
ЕЛІМІЗ БОЙЫНША ЕКІНШІ ОРЫНДАМЫЗ
2023 жылға арналған ауылшаруашылық жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп, 1 548 130 төл бірдейлендірудің дерекқорына енгізілген. Облыс бойынша ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4,2 миллион ауылшаруашылық жануары тіркелген. Оның 495 385 мыңы ірі қара, 3,5 миллионы ұсақ мал, 5 616-сы шошқа, 186 896 мың жылқы, 7 мың бас түйе малы. Айта кетейік, облысымыз мал саны жағынан республика бойынша екінші орында. Ғабитбек Ақылбекұлы брифинг барысында эпизоотияға қарсы іс-шараларға тоқталды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалған. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 24,5 миллион манипуляция жүргізілген. Жыл басынан бруцеллезге тексеру үшін қан сынамасын алу бойынша 5,7 миллион манипуляция орындалып, диагностикалық тексерулер нәтижесімен бруцеллез ауруы анықталған 514 ауылшаруашылық жануары қолданыстағы заң аясында санитариялық талаптармен сойылып, кезең-кезеңімен қайта өңдеуге жіберілген. Облыс аумағында бес ауру түрінен 21 ошақ анықталып, оларда карантин шаралары қойылып, бүгінгі күнге аурудың көзін жою және сауықтыру жұмыстары толық жүргізіліпті. Ғабитбек Ақылбекұлы қазіргі таңда облыс аумағында эпизоотиялық ахуал тұрақты және күнделікті бақылауда екенін айтып, брифингті қорытындылады.
А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ