Жаңалықтар

Жамбыл тұрғыны әйелі мен 4 баласын үйінен қуып шықты

Жамбыл тұрғыны әйелі мен 4 баласын үйінен қуып шықты

Жамбыл облысының тұрғыны мас күйінде әйелі мен төрт баласын үйінен қуып шыққан. Сол себепті олар дағдарыс орталығын паналауға мәжбүр. Бұл туралы бүгін Ішкі Істер министрлігінің апталық брифингде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева мәлім етті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Ішкі істер министрлігі 15-26 қаңтар аралығында Қазақстан бойынша «Тұрмыс» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырған. Қазақстанның түпкір-түпкірінде полиция тұрмыстық жанжалдар туралы 4 мыңнан астам хабарлама алған. Оның 1,5 мыңын полиция қызметкерлері өздері үйлерді аралау барысында анықтаған. Іс жүзінде агрессорлардың барлығы немесе 95% әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай оқиғаның бірі Жамбыл облысында тіркелген.