Әлеумет

"Есімінің мағынасын ел түгілі өздері де түсінбейді". Нұрлан имам заманауи ата-аналарды сынға алды

"Есімінің мағынасын ел түгілі өздері де түсінбейді". Нұрлан имам заманауи ата-аналарды сынға алды

Нұрлан имам балаға есім беру салтына қатысты ойын айтты. Ол бұрынғы заманда ата-әжелердің қойған есімдері қарсылықсыз бір ауыздан құпталғанын, дегенмен қазір ат қою рәсімі заманауи әке мен анаға өткенін атап өтті, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Астана қаласы "Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамының сөзінше, қазақтар балаға есім беру рәсіміне ерекше құрметпен қараған. Бұрынғы заманда ата-әжелердің қойған есімдері қарсылықсыз бір ауыздан құпталған. Дегенмен қазір ат қою рәсімі заманауи әке мен анаға өткен. Бөгдеге еліктеуден болар, есімінің мағынасын ел түгілі өздері де түсінбей жатады.

Сонымен қатар Нұрлан имам ел ішінде пайғамбарлар есімі балаға ауыр болады деген сәл қате ұғым бар екенін айтты. Айтуынша, пайғамбарлар есімімен аталған балаға ұрсып, жекуде ата-анаға ауыр тимес үшін, шариғат тіркемені қарастырады. Мәселен Сағд ибн Әби Уаққастың есімін аталарымыз Сәдуақас деп, Хасан мен Хусейнді Асан мен Үсен деп ана тілімізге ыңғайлаған. Бұл ретте балаға Мұхаммед есімі берілсе, Муха деп, Ибраһимді Ибо деп ойнап та, қалжыңсыз да қысқартуға болмайды.