Ел қоржыны 3 медальмен толықты
Ел қоржыны 3 медальмен толықты
Канвон-2024 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы күні Қазақстан құрамасы үшін табысты өтті. 16 жастағы алматылық спортшы Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден чемпион атанды. Ол финалдық кезеңде аустриялық Ники Хуммл (Niki HUMML, 210.7) мен польшалық Лукас Лукашчиктен (Lukasz LUKASZCZYK, 209.7) басым түсіп, шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан спорты тарихындағы ең үздік нәтижені тіркеді. «Менде жеңіске жетудің қандай бір тетігі немесе құпиясы болған емес. Бар болғаны – өзімнің бүкіл күшімді жұмсадым. Бүгінгі нәтижем менің ғана емес, барша елдің жеңісі деп білемін. Бұл тарихи жеңіс», деді марапаттау рәсімінен соң IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Илья Мизерных. Ел қоржынына екінші жүлдені шорт-трекші Полина Омельчук салды. Спортшы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ол 1000 метрге жүгіруден мәреге үшінші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші – 1:41.600. Бұл бәсекеде қытайлық Цзиньцзы Ли жеңіске жетсе, оның отандасы Цзиньжу Ян күміске қол жеткізді. Сондай-ақ күні кеше Қазақстан жасөспірімдер олимпиадасының үшінші медалін жеңіп алды. Намысты бәсекеде хоккей турнирі бойынша Аустрия мен Қазақстан құрамалары арасында 3х3 хоккей турнирінде үшінші орынға таласты. Алайда Қазақстан мықты қарсылас болып шықты. Матч 6:5 есебімен аяқталып, Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды. Біздің құраманың қоржынында қазіргі сәтте үш медаль бар.
Ақтоты Жаңабай