Адасушылықтан абай болыңыз!
Адасушылықтан абай болыңыз!
Осы мақсатта Меркі ауданындағы «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Еламан Есеналиев мешіт жамағатына «Діни адасушылықтағы әлеуметтік желінің рөлі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Уағыз барысында жат ағым өкілдерінің интернет кеңістігін өз мақсаттарына тиімді пайдалануы, олардың қызметi өздерінің идеологиясын белсенді түрде насихаттауы, жаңа мүшелердi өз қатарларына тартуы, жақтастарын теориялық, практикалық тұрғыдан оқытуы және өздерiне қарсы шыққан желі қолданушыларына қарсы ақпараттық күрес жүргізуі, жалған ұрандарымен дінді бұрмалап, жастарға ықпал етудің түрлі жолдарын жасап жатқаны айтылды. Сонымен қатар деструктивті діни ағымға ерушілердің діни сенімі мен ұстанымдары біздің қоғам мен мемлекетке қарсы және агрессиялық сипатта екені баяндалды. Алла Тағала баршамызды исламның тұнығынан сусындап, адасудан сақтасын!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі