Жастар

Елімізде жыл сайын 100 жас ғалымға баспана берілмек

Елімізде жыл сайын 100 жас ғалымға баспана берілмек

Қазақстанда жыл сайын кем дегенде 100 жас ғалымға арнайы бағдарлама арқылы пәтер беріледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Оның айтуынша, былтыр Отбасы банк жас ғалымдарға арналған бағдарламаны іске қосқан.

Вице-министрдің пікірінше, бұл жас ғалымдарға тек ғылыммен айналысуға мүмкіндік береді. «Жыл сайын жоқ дегенде 100 жас ғалым баспаналы болады.  2026 жылған дейін 1 мың адам пәтер алады деген жоспар бар», - деді ол.