Қазақстандықтар Кореяда қашаннан бастап заңды түрде жұмыс істей алады?
Қазақстандықтар Кореяда қашаннан бастап заңды түрде жұмыс істей алады?
Енді Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істегісі келетін Қазақстан азаматтары арнайы орталықта оқуға тиіс. Бұл туралы Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазақстандықтарды Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жүйеге енгізу бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл қаңтардан бастап азаматтарды осы елге жіберуге арналған Сапар орталығын ашу жұмыстары басталған.
Тестілеу орталығы Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ашылады.
Қонаевтағы колледжде білім алушылар үшін 500 орындық жатақхана да қарастырылған. Олар медициналық тексерістен өтуге міндетті болады. Комитет төрағасы Оңтүстік Кореяға Қазақстан тарапы ұсыныстарын жолдағанын жеткізді.