Жаңалықтар

Заңсыз дүңгіршектер алынып тасталады

Заңсыз дүңгіршектер алынып тасталады

Тараз қаласы әкімінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы «Жұмыс тобын құру бойынша» №4-ө өкіміне сәйкес, шаһар аумағында заңсыз орналасқан дүңгіршіктерді алып тастау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын.

Соған орай Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары шаһар аумағындағы заңсыз орналасқан дүңгіршектер бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді. Зерделеу нәтижесінде қала аумағында орналасқан 10 заңсыз дүңгіршектің иелеріне түсіндірме жұмыстары жасалып, оларды алдыру бойынша тиісті шаралар атқарылды. Нәтижесінде 10 заңсыз дүңгіршек алынды. Сонымен қатар мамандар азаматтарға заңсыз орналасқан нысандар анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік кодексі бойынша айыппұл салынатынын ескертті. Айта кетейік, 2023 жылы қала аумағында жалпы 20 заңсыз дүңгіршек алынған.

Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы