Жаңалықтар

Банкке 3 мың теңгедей қарыз болған адам банкрот деп танылды

Банкке 3 мың теңгедей қарыз болған адам банкрот деп танылды

Банкке 2 978 теңге қарыз болған адам банкрот деп тану жөнінде өтініш берген.

Бірінші кредиттік бюроның Telegram-арнасында жарияланған мәлімет бойынша, елде жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттық туралы өтініштерін қабылдау 2023 жылғы наурызда басталған. Жыл соңына дейін қазақстандықтар 77 мыңға жуық өтініш берсе, 62 мың өтініш қабылданбаған.

Сондай-ақ Бірінші кредиттік бюро банкроттықтың ауыр зардаптары бар екенін ескертті. Соның ішінде ең ауыры – банкрот деп танылған соң өтініш беруші тағы 5 жыл бойы банктер мен микроқаржы ұйымдарынан ешқандай несие ала алмайды.