«Қазақ деген ұлт болмаған». СІМ ресейлік тарихшының мәлімдемесін елемеуге шақырды
«Қазақ деген ұлт болмаған». СІМ ресейлік тарихшының мәлімдемесін елемеуге шақырды
Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева «Қазақ деген ұлт болмаған» деп даулы мәлімдеме жасаған ресейлік тарихшы Михаил Смолиннің сөзін елемеуге шақырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Сенаттың жалпы отырысынан соң министрдің орынбасарына «Ресей тарихшысы Михаил Смолин 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қазақ пен өзбек деген ұлт болмаған» деп мәлімдеме жасады. Бұған Сыртқы істер министрлігі түсінік бере ала ма? Себебі, Өзбекстан тарапы бұған жауап берді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі реакция білдірмеді. Бұл адамды қара тізімге енгізетін шығармыз?» деп сұрақ қойды. Назира Нұрбаева кейбір ресейлік тұлғалардың даулы мәлімдемесін елемеуге шақырды.
Еске салайық, бұған дейін ресейлік тарихшы Михаил Смолин «Вездений» ток-шоуында «1917 жылғы революцияға дейін қазақ пен өзбек ұлты болмаған» деп мәлімдеме жасаған еді. «Қазақстан қалай пайда болды? Шын мәнінде РСФСР құрамында Қазақ ССР-і пайда болды. Демек, ешқандай қазақ деген ұлт болмаған... Мысалы, өзбек ұлты да революцияға дейін болмаған. Тіпті, өзбек деген этникалық атау болмаған. Орталық Азиядағы бірнеше ұлттан өзбек құралды. Тура солай, әзербайжан ұлтын айтуға болады. Әзербайжан деген ұлт революцияға дейін болған емес. Ресей империясы өз жерін түрлі этникалық топтарға бөліп берді», - деді тарихшы.