Жамбыл жаңалықтары

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік көрме-байқауы өтті. «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында өткен үздік тауар бәсекесінде азық-түлік, химия, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласы мен құрылыс индустриясында өзіндік орны бар 82 тауар өндіруші өз өнімдерін ұсынды.

Осымен сегізінші рет ұйымдастырылған байқаудың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Нұржан Нұржігітов алдымен құттықтау сөз сөйлеп, шараға қатысушы кәсіпкерлерге табыс тіледі. Облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік көрме-байқауы өтті. «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында өткен үздік тауар бәсекесінде азық-түлік, химия, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласы мен құрылыс индустриясында өзіндік орны бар 82 тауар өндіруші өз өнімдерін ұсынды. Осымен сегізінші рет ұйымдастырылған байқаудың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Нұржан Нұржігітов алдымен сөз сөйлеп, шараға қатысушы кәсіпкерлерге табыс тіледі. Мұнан кейін өңір басшысымен бірге қала тұрғындары да отандық өнімдердің көрмесін тамашалады. Нұржан Молдиярұлы әрбір тауар өндірушімен тілдесіп, мәселелерін тыңдап, ұсынған тауарларына назар салды. Кәсіпкерлер айтқан кейбір мәселелерге қатысты пікір білдіріп, жауапты мамандарға тапсырды. Байқауға тәуелсіз сарапшы-аудиторлар, бизнес-қауымдастық және салалық қоғамдық бірлестік өкілдерінен құралған сараптамалық комиссия төрелік етті. Олар үш номинация бойынша үздіктерді анықтады. Қазылар алқасы кәсіпкер өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударған. Сонымен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясы бойынша үздік атанған «G Universal», «Novacom technology» серіктестігі мен жеке кәсіпкер «Алатау групп» иелерін марапаттап, арнайы сыйлықтар тарту етті. Сол секілді «Халық тұтынатын үздік тауар» номинациясы бойынша «Паритет 2014», «Izgi is Qordai» серіктестігі және жеке кәсіпкер «Повстянко» озық шықты. Жеңімпаздарды «Әулиеата Феникс» құс фабрикасының бас директоры Фарида Жүнісова марапаттады. Бұдан өзге «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында «Eco-chicken» және «ТПК Берсанукаев», «Мерке-ет комбинаты» серіктестіктері үздіктер көшін бастады. Байқауда ісін енді бастаған «Муравенко», «Абзик Моторс», «Хожагаевич» сынды кәсіпкерлер де марапаттан құр алақан қалмады. Оларға облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Еркін Атымтаев алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыстап, өңірдегі кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Байқауда үздіктердің ішінен қара үзіп шыққан 9 жеңімпаз жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары-2022» республикалық байқауында бақ сынамақ.

А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ