Астыртын жеткізілген вейптер тәркіленді
Астыртын жеткізілген вейптер тәркіленді
Аталған тұлғалар темекі құрылғыларын акциздік және қосылған құн салығын төлемей, халық тұтынатын тауарлар түрінде Қазақстанға кіргізген. Заңсыз әкелінген акцизделетін өнім облыс аумағында және еліміздің көршілес облыстарында сатылған. 35,2 миллион теңге сомасына вейптердің ірі партиясын әкеліп, өткізу кезінде аталған тұлғаларды агенттіктің қостанайлық департаменті қызметкерлері тұтқындады. Сот үкімімен А.Б.Рябчиков пен Г.В.Лейкин айыпталған әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға кесілді. Қаржылық мониторинг агенттігі ел аумағында темекі бұйымдары мен құрамында никотин бар сұйықтықтарды сатуға тиісті салықтар төленген және осы тауар үшін міндетті таңбалау болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді.