Бәсекеге қабілетті экономика құру қажет
Бәсекеге қабілетті экономика құру қажет
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілеріндегі алға жасалған қадамдарды және қойылып отырған мақсаттарды анықтап айтып отыр. Бір күндік емес, алыстағы белестерге жетудің жоспарларын, ол үшін оқу, даму арқылы озық ойлы болуға шақырып отыр. Президент инновациялар мен технологияларға негізделген бәсекеге қабілетті экономика құру қажеттігін айтып отыр. Жеке сектор мен шағын және орта бизнесті күшейтуге бағытталған экономикалық бастамалар – жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізі. Бұл тенденцияны түсінуге, іске асыруға қабілетті азаматтарымыз елдің экономикалық жандануына өз үлесін қосады. Президент тағы да білім беру мен денсаулық сақтау салаларының дені сау, білімді ұлттың негізі екендігіне көңіл бөледі. Әлеуметтік кодекстің қабылдануы әділ әлеуметтік саясат қалыптастыруға ұмтылу, қоғамның барлық топтары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді көрсетеді. Қаңтар қасіреті жайлы уақыт өтсе де ұмытпаймыз. Ел қабырғасын қайыстырған осы қасірет мемлекеттің ішіндегі сын-қатерлерге мұқият назар аудару және билік пен азаматтар арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын орындаудың міндеттілігін алға тартып отыр. Қаңтар қасіреті ішкі мәселелерді талқылау және шешу үшін халықтың өз мүдделерінің шешілуінде неғұрлым белсенді болуына, жергілікті проблемаларды саяси экономикалық күн тәртібіне уақытылы әрі тиімді қоюына түрткі болуы тиіс екендігін айтты.
Зарина ҚУАТОВА, Тараз қалалық мәслихатының депутаты