Тұрақтылық тәртіптен басталады
Тұрақтылық тәртіптен басталады
Кейбіреулер прокуратура органдарының ескертуіне қарамастан, адам түсініп болмайтын кесірлік көрсетіп, заң бұзады. Ондай адамдар өзін заңнан жоғары қойып, «атың шықпаса, жер өрте» деген ұстаныммен елге танымал болғысы келетін сияқты», деп кесіп айтқан болатын. Шын мәнінде, елді өркендеу жолына бастау үшін, ең алдымен, заңды жүйелі түрде атқаруды жолға қоюымыз керек. Өйткені заң үстемдік құрған мемлекеттің ғана келешегі кемел болмақ. Халық өзін заңға бағындыра алса, әрі сол бағынған заңымен өзі қорғана алса, бұл нағыз өркендеген, өскен елдің бет-бейнесі емей немене?! Сондықтан да Президенттің заң бәріне ортақ деп отырғаны алдағы уақытта заң үстемдік құратын уақыттың таяу екендігін аңғартса керек. Егер заң күшіне енсе, онда жалған ақпарат таратушылардың, құмар ойын ойнатушылардың ошағы бірінші болып талқандалатынына сенімім кәміл.
Қуаныш ДӘУРЕМБЕКОВ, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры