Іздеуде жүрген азамат ұсталды
Іздеуде жүрген азамат ұсталды
Ағымдағы жылғы 22-25 қаңтар аралығында Тараз станциясындағы Желілілк полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізілген кешенді жедел іздестіру іс шаралары барысында халықаралық іздеуде жүрген Тараз қаласының тұрғыны 33 жастағы «Р» есімді күдікті тұлға ұсталды. Ұсталған азамат Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің өндірісіндегі 2023 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық көдексінің 190-бабы 2-бөлігімен қозғалған алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық әрекетімен күдікке ілінген. 2024 жылдың 23 қаңтар күні күдікті тұлға Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалып, ұсталған тұлғаға қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.