Жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісі салдарынан 44 адам жарақат алды

Алматыда жер сілкінісі салдарынан 44 адам жарақат алды

Алматыда жер сілкінісі салдарынан 44 адам зардап шеккен. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев айтты, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі   Halyq Uni-не сілтеме жасап

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев бізде жойқын жер сілкінісі болмайтынын айтты.

Бұған дейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жер сілкінісі салдарынан 8 адамның зардап шеккенін хабарлады. Айта кетейік, Алматыда 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні бірнеше рет жер сілкінді. Алғашқысын қала тұрғындар 23 қаңтар cағат 00:05 шамасында сезді. «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сағат 00:42-де екінші жер сілкінісін тіркеді.