Тина Канделакидың Қазақстанға кіруіне тыйым салынды
Тина Канделакидың Қазақстанға кіруіне тыйым салынды
Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деді, - деп хабарлады arainfo.kz тілшісі zakonkz_kaz-ға сілтеме жасап
«Сізге біреу ұнамаса, үйіңізге кіргізбейсіз ғой. Тура сол сияқты біз де кіргізбейміз. Керек кезде шара қабылданады. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас, келген жағдайда кірмейді», – деді ол. Бұған дейін Тина Канделаки Қазақстанда орыс тілінің қолданыс аясы тарылып бара жатқаны жайында шулы мәлімдеме жасаған болатын.