Облыстық бюджет нақтыланды
Облыстық бюджет нақтыланды
Баяндамашының хабарлауынша, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 138 000 000 теңге, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 70 000 000 теңге, облыстық дін істері басқармасына «Өңірді діни ахуалды зерделеу және талдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 093 000 теңге қаржы бөлу қарастырылған. Сонымен қатар бірқатар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қаржыландыру ұсынылады. Анықтап айтқанда «Тараз қаласы, Тынышбаев көшесі, №46 жайдағы 2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің құрылысы» жобасын сараптамадан өткізуге 2 000 000 теңге, «Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласындағы 150 адамға арналған ІІД, КІІД аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдеріне арналған ғимараттар» жобасына ЖСҚ әзірлеуді бастауға 100 000 теңге, Шу ауданы Төле би ауылы С.Шакиров атындағы орта мектепке жапсарлас акт зал, спортзал, 2 оқу кабинеті және қазандық құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді бастауға 100 000 теңге бөлінген. Баяндама тыңдалып болғаннан кейін облыс әкімі Нұржан Нұржігітов пен сессияға қатысушы депутаттар күн тәртібінде қаралған мәселелерді талқылап, айтылған ұсыныстарды бірауыздан қолдады.
А.БЕКЕНҚЫЗЫ