ҚАСТЕЕВ ҚЫЛҚАЛАМЫНЫҢ ҚҰДІРЕТІ
ҚАСТЕЕВ ҚЫЛҚАЛАМЫНЫҢ ҚҰДІРЕТІ
Қазақ бейнелеу өнерінің тұңғышы, қырық жасында Қазақстанның халық суретшісі атанып, Суретшілер одағы басқармасының төрағасы болған Әбілхан Қастеевтің туғанына биыл 120 жыл толады.Осы туабітті талант туралы сөз қозғасақ, оның ежелгі қазақ өмірінің тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен сусындаған ұлттық бояуға қанық суреттері бірінен кейін бірі көз алдыңызға келе береді. Әлі есімде, оның «Талас алқабы» (1970) деген суретін көріп, ойыма балалық шағым оралған. Жаз шыға Таластың төменгі сағасына жақындау қоныстанған біздің ауылдың үлкені бар, кішісі бар атпен, мәшине, мотоциклдердің түр-түрімен келіп, өзен суына әй бір армансыз шомылатын әдеті бартұғын. Ол біз үшін бейнебір мереке сынды болатын.