Басым бағыттар белгіленді
Басым бағыттар белгіленді
Сұхбат беруде Мемлекет басшысы ел дамуының жалпы векторын анықтайды және бағыттарды нақтылайды. Онымен келіспеуге болмайды. Бұл жерде Президент көтерген әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларды жастарымызға кеңінен жеткізу мәселесі туындап отыр. Президенттің айтқан сөздерінің бәрін еліміздің болашағын құратын ұрпаққа түсіну маңызды. Қаңтар оқиғасының туындау себептерін, оларға түрлі деструктивті күштердің әсерін білу мұндай жағдайларды болашақта болдырмауға мүмкіндік береді. Президент оларды айқын белгілеп көрсетті. Сондай-ақ халықаралық және ішкі саясаттың маңызды бағыты: Орталық Азия елдерімен, Ресей және Қытаймен өзара іс-қимыл негізі азаматтық және тарихи сананың ортақтығын жалпыұлттық бірегейлік деп атады. Қазақстанда этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделі қалыптастырылды, оны енгізудің тиімді құралы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып есептеледі. Әрбір азаматтың қазақстандық қоғамда, әсіресе этносаралық қатынастар саласында тұрақтылықты сақтау жөніндегі өзінің азаматтық борышын түсінуі болашаққа ұмтылған біртұтас халықты қалыптастырудың маңызды элементі саналады. Өйткені ұлт ретінде біз біртұтас құндылықтар, тарих, тіл және мәдениет төңірегінде шоғырланып, биік мақсаттар қойып, оларға қол жеткізе аламыз. Президент Қазақстанның бірегейлікке негізделген болмысы мен мәниетінің жан-жақтылығы шеңберінде өткенді қайта құру, тарихи сананы қалыптастыру, жалпыұлттық бірегейлік туралы алғаш рет айтып отырған жоқ, Қасым-Жомарт Кемелұлы Жошы ұлысының нақты құрылғанына 800 жыл толуының Алтын Орда мен мемлекеттілігіміздің бастауы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Президенттің айтуынша, 2024 жылдың маусым айында Қазақстан тарихы бойынша көптомдық академиялық басылымды дайындауды аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ мемлекеттің жалпыұлттық бірегейлігін нығайту тұрғысынан халқымыздың көрнекті тарихи қайраткерлерін құрметтеу пайдалы болуы тиіс. Ол ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы – Қаныш Сәтбаевтың, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің және Рейхстагқа жеңіс туын алғаш көтерген адам Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерін ерекше атады. Дәуірдің бет-бейнесіне айналған Әлия Молдағұловаға биыл 100 жыл, Нұркен Әбдіровке 105 жыл, Әлкей Марғұлан, Әбілхан Қастеевтерге 120 жыл, Ілияс Жансүгіровке 130 жыл, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Александр Затаевичке 155 жыл толып отыр. Есімдері тарих бетінде мәңгілікке қалған ірі тұлғаларды жас ұрпаққа таныту міндетімен ғана айналыспай, олардың игі қасиеттерін, дара жолдарын бойларына сіңдіріп, дәріптеу – барлық қазақстандықтардың басты парызы. Сұхбатта Президент жастарға ел өмірі жолында жасалып жатқан әр іске белсенді түрде атсалысуға шақырады. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көп көңіл бөлуі де бекер емес. Халықтың билік үшін ерікті түрде жеке пікірін білдіруінің маңыздылығы энергетикалық қауіпсіздік мәселелерінің бірі – АЭС құрылысын Президент референдумға шығарып, барлық қазақстандықтардың пікірін ескере отырып шешуге ниетті екенін атап өтті.
Мүбарак ЖИНАҚБАЕВА, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы