МЕКТЕП – ЕКІНШІ ҮЙ, МҰҒАЛІМ – ЕКІНШІ АНА
МЕКТЕП – ЕКІНШІ ҮЙ, МҰҒАЛІМ – ЕКІНШІ АНА
Қай заманда болмасын халқымыз ұстаз деген ұлы есімді ардақтаумен келеді. Қоғамда ұстаздардың өзіндік алар орны ерекше. Дүниедегі мамандық атаулының ең жоғарғы төресі – ұстаздық ету. Ұстаз – шәкірттің сана-сезіміне өзінің өмір жолынан жинаған білім нәрін сіңіреді, оны қолдану кезінде көмектеседі, қолдайды. Болашақ ұрпақтардың саналы түрде ойлап, қалыптасуын бақылайды. Елімізге қажетті барлық мамандықтар осы ұлы тұлғалардың алдынан өтті. Ұстаз деген ұлы есімді кішкентай кезімізден бастап құрметтеп келеміз, әрі қарай да одан жоғары болмаса, кем болмасы анық. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие беру. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «Ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «Мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ ұстаз деген ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады. Мұғалім – жаңа нәрсені үйрететін, ғылымның белгілі бір саласы бойынша білім беретін адам. Бірақ бұл бәрі емес. Ұстаз – шәкіртіне үлгі болатын адам. Жақсы мұғалім балаларды жұмыс істеуге итермелей алады, өз пәніне қызықтыра алады, осылайша оқушы осы салада жаңа нәрселерді өз бетімен білгісі келеді. Барлық мұғалім студенттерді қызықтыра алмайды, егер ол сәтті болса, оны бас әріппен нағыз Мұғалім деп атауға болады. Білім беру ісі ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені шынында да көп жұмыс солардың иығына түседі. Өкінішке қарай қазіргі қоғамда ата-ана бұл білім мекемесінің міндеті деп, бала тәрбиесімен айналыспайды. Алайда ұстаздар ата-ана сияқты адамгершілік құндылықтарды бере алмайды. Мұғалім болудың қиындығы да осы. Ұстаздар адам өмірінде бала кезінен пайда болады. Кішкентай кезінен бізбен маңызды тақырыптарда әңгімелесіп, болашақта қолдануға болатын кеңестер мен бағыт-бағдар береді. Көптеген сөздер мектеп оқушыларының есінде шынымен сақталады және олар өмір бойы есте қалады. Мұны нағыз сабақ деп атауға болады. Мұндай өмір сабақтары пәндік сабақтарға қарағанда әлдеқайда құнды. Құрғақ оқыту оқушылардың жадында ешқашан сақталмайды. Оқушылар мұғалімдердің оларға деген көзқарасын сезінеді. Ал ұстаз шәкіртіне толыққанды тұлға, бас әріпті Адам ретінде қараса, ұстаз үлкен құрметке лайық. Ұстаздар мектеп оқушыларына бала кезінен мейірімділік, өз ісіне жауапкершілік, адалдық, ізгілік ұғымдарын үйретеді. Мұғалімдер балаларды сабақ үшін ақпаратты өз бетінше алуға шақырады. Бұл студенттерді нақты өмірге дайындайды, мұнда адам көп жағдайда өз істерімен жалғыз қалады. Мұғалім өзі оқытатын пәнге, өзі жетекшілік ететін сыныбына бар жанын салады. Мұғалімдер әр оқушыға қамқорлық жасайды. Олардың жұмысы сабақ біткеннен кейін де тоқтамайды. Мұғалімдер дәптерлерін тексеріп, ата-аналар жиналысы мен сынып сағаттарын өткізіп, ертеңгі сабаққа дайындалады. Бұл мұғалім мамандығының оңай жұмыс еместігін аңғартады. Бірақ егер адам соны таңдаған болса, бұл оның ұрпаққа білім беруді, оны жақсырақ, ақылды етуді қалайтынын білдіреді. Ұстаздық мамандықты таңдаған адамдар – үлкен жауапкершілікті өз мойнына алған нағыз мықты жандар. Мұны сөзсіз бағалау керек, ол үшін өмірін балалар мен олардың тәрбиесіне арнаған әрбір ұстазды құрметтеу керек. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, мұғалім білімі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған жас шәкірт өмір жолында мойымай күресіп, болашақта бағытынан таймасы белгілі. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Олар салып берген сара жолмен хан да, бала да жүреді. Еліміз гүлденіп, халқымыз көтеріліп жатқан сәтте оны ары қарай алып кету үшін жас ұрпаққа білім негіздері мен тәрбие көздері қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда ынтымақтастыққа бастар жолдың бастауы мектеп болса, мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Білім деңгейін тек мұғалім ғана көтере алары анық. Ал енді осы орайда айтарымыз, ел болашағына нақты қадам салып берген ұстаздарымызға мың алғыс. Оларсыз күнімізді елестету мүмкін емес. Құрметті ұстаздар қауымы, мен оқушы ретінде сіздерге шексіз алғысымды айтқым келеді. Ұстазсыз болашағымыз бұлыңғыр. Сол себептен сіздерге, шығармашылық табыс пен биік асулар тілеймін. Өмір жолында қажымас қайрат пен игі басталамар тілеймін. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. «Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті Құранда да жазылған. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Абылай хан – Бұқар жырауды, Шәкәрім – Абайды, Бердақ – Күнқожаны, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы түсінген. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған екен. Сондықтан да ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Мұғалім мамандығы ең алдымен үлкен шыдамдылықты қажет етеді. Менің мектебімде үлкен мұғалімдер ұжымы бар және әр мұғалім өзінше ерекше. Қысқасы, мектеп – екінші үй, мұғалім – екінші ана. Ұстаз даналық деңгейде кеңес бере алады, бізді тыңдай алады, көмектесе алады. Бұл өз білімі мен жанының бір бөлігін бізге салған адам. Бұрын бір болған жерде екі ой өсіретін адам. Айтайын дегенім, бізді барынша түсініп, талмай тәлім мен білім бергені үшін ұстаздарға айрықша алғыс білдіреміз!
Перизат МИЗАН, Тараз қаласындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің биылғы түлегі