Қыздарға екпе салу үшін 9 млрд теңгеге вакцина сатып алынады
Қыздарға екпе салу үшін 9 млрд теңгеге вакцина сатып алынады
Оның айтуынша, әлемде адам папиллома вирусына қарсы вакцинаны шығаратын 4 өндіруші кәсіпорын бар.
Сондай-ақ бас санитар дәрігер биыл балаларды вирустан қорғау үшін бюджеттен қомақты қаржы қарастырылғанын жеткізді.
Айта кетейік, АПВ – әлемдегі ең көп таралған вирус. Оның көптеген түрі бар. Бүгінде зерттелген штамдарының өзі 200-ден асады. Ең қауіпті түрі – 16 және 18-типтегі вирус. Мұндай онкогенді вирустар жатыр мойны мен вульвада, ер адамның жыныс мүшесі мен шырышты қабаты бар басқа да органдарында обыр ауруын туғызады. Адам папиллома вирусының тағы 10 түрі қауіпсіз ісік шақырады. Штамдардан сүйел, кондилома, респираторлық папилломатоза пайда болады. UNFPA Қазақстан мәліметінше, АПВ-ны жұқтыру оңай. Сондықтан адамдардың 80%-ы өмірінде бір рет болса да осы вирусты жұқтырады. Жұқтырғаннан кейін вирус ағзада ұзақ уақыт тіршілік ете алады. Бірақ бұл адам ауырады дегенді білдірмейді. Өзінде вирус бар екені туралы білмеуі де мүмкін. Егер адамның иммунитеті жақсы болса, ауру белгілері болмауы мүмкін. Көп жағдайда адамның қорғаныс жүйесі вирусты бірнеше ай немесе бірнеше жылдың ішінде жойып жібере алады. Бірақ кейде вирус адам ағзасына еніп, сансыз еселенуі мүмкін. Сол кезде қатерлі ісік немесе обыр тәрізді қауіпті аурулар пайда болады. Сондай-ақ ауру көбіне жыныстық жолмен жұғады. Сонымен қатар кейінгі 5 жылда елімізде 2 948 әйел жатыр мойны обырынан көз жұмған. Сол жылдары 148 әйел вульва мен қынап қатерлі ісігінен (рак) қайтыс болды. 2018-2022 жылдары жыныс мүшесі мен анустағы рактан 95 ер адам көз жұмған. Кейінгі 5 жылда тіл, ауыз қуысы мен тамақ-өңеш қатерлі ісігінен 1 мың науқас қайтыс болған. АПВ-дан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина салғызу. Ол ғылыми тұрғыда дәлелденген.