Жамбыл жаңалықтары

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жуырда ҚР Ішкі істер министрлігі мен облыстық полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасы М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының өкілдерімен бірлесіп Тараз қаласының 11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша іс-шара өткізді.

Аталмыш шараның мақсаты – бала құқығын қорғау, жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғалардың – буллиң, кибербуллиң, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу, есірткі зияны туралы ақпараттандыру және кәсіптік бағдар беру. Сондай-ақ кездесу барысында институтқа түсу үшiн мамандық таңдау барысында талапкерлерге қажеттi маңызды мәлiметтер берiлді. Өз кезегiнде оқушылар да өздерiн қызықтырған сауалдарын жолдап, тиiстi жауаптарын алып, өзара пiкiр алмасты. Сонымен қатар оқушыларға аталған оқу орнына қабылдау тәртібі мен шарттары жан-жақты түсіндірілген буклеттер таратылып, бейнеролик көрсетілді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі