Бір көзден сатып алуларды тоқтату қажет – Ербол Қарашөкеев
Бір көзден сатып алуларды тоқтату қажет – Ербол Қарашөкеев
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуысмен кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиында аймақ басшысы жауаптыларға бірқатар нақты міндеттер жүктеді.
– Әсіресе, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аудардым. Бір көзден сатып алуларды тоқтату қажет. Бұл бағытта бұған дейін қойылған шектеуге қарамастан, бірқатар лауазымды тұлғалар әлі де талапты сақтамай, заңбұзушылыққа жол беруде. Бұл тәжірибені тоқтататын кез келді. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген ерекше жағдайларда ғана жүзеге асады. Алдағы уақытта бұл тұрғыда әкімшілік жауапкершілікпен шектеліп қалмаймыз. Қажет болған жағдайда, заң аясында қатаң шаралар қабылдайтын боламыз, – деді Е. Қарашөкеев.