Жаңалықтар

«Шұбаркөл көмір» кәсіпорнында жұмысшы пойыз астында қалып қойды

«Шұбаркөл көмір» кәсіпорнында жұмысшы пойыз астында қалып қойды

«Шұбаркөл көмір» АҚ ішкі темір жолында бағыттау бекетінің кезекшісі пойыздың астында қалып қойды. Ол жазатайым оқиғадан мерт болды.

Компанияның хабарлауынша, қайғылы оқиға 15 қаңтарда болған.

«Шұбаркөл көмір» ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсететінін хабарлады.