ИНВЕСТИЦИЯ – ЕЛ ИГІЛІГІ
ИНВЕСТИЦИЯ – ЕЛ ИГІЛІГІ
Жуырда республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген тақырыппен сұхбаты жарияланды. Кең көлемді, мазмұнды сұхбатта атқарылған жұмыстар, алда тұрған маңызды міндеттер және де қоғамда қызу талқыланып жүрген өзекті мәселелер қаузалған екен. Инвестициялық саясат – экономика мен өндірістің қалыптасуы мен дамуының қайнар көзі, қуатты құралы. Осыны жақсы түсінген Мемлекет басшысы сұхбатта алда тұрған маңызды міндеттің бірі ретінде инвестиция тартуды атап өтті. «Тағы бір маңызды міндет – инвестиция тарту. Бұл міндетті орындауға жекешелендіру және активтерді қайтару науқандары да септігін тигізеді. Қомақты инвестиция болса, экономика қарқыны үдейе түседі және жаңа мүмкіндіктер пайда болады», деді сұхбатта Мемлекет басшысы. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ қойнауы кенге, жайлауы малға толы қазақ елі инвестиция үшін тартымды мемлекетке айналды. Оған ішкі ынтымақ пен сыртқы саясаттағы ықпалдастық ұстанымы қосымша себеп болды. Біздің елімізде бүгінгі таңда тұрақтылық, тыныштық барынша берік орныққан. Соның арқасында әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз да қарқынды дамып келеді. Еліміздің әр аймағында мемлекеттік бағдарламалар аясында түрлі инвестициялық жобалар сәтімен жүзеге асырылуда. Бұл ретте өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы да өңірлерге инвестиция тарту бойынша тиісті басшыларға нақты тапсырмалар беріп, орындалуын қатаң бақылауда ұстауда. Алдымызға нақты мақсат-міндеттер қойды. Ендігі кезекте тапсырмаларды тиянақты орындап, ел ырысын еселеу бағытында жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Фарида Дайрабекова, жеке кәсіпкер, Жамбыл ауданы