Дін

Құрбан Құрбан айт - ұлық мейрам!

Құрбан Құрбан айт - ұлық мейрам!

ҚАДІРМЕНДІ ҚАУЫМ! БАРШАҢЫЗДЫ ИСІ МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫНЫҢ ҰЛЫҚ МЕЙРАМЫ – ҚҰРБАН АЙТПЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН. АЙТ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ-БЕРЕКЕЛІ БОЛҒАЙ! ҚҰРБАН АЙТ – ЖАРАТУШЫ ИЕМІЗ БЕЛГІЛЕП БЕРГЕН ЕКІ МЕЙРАМНЫҢ ҰЛЫҒЫ, АЙТУЛЫ МЕРЕКЕ. ХАЛҚЫМЫЗ БҰЛ МЕЙРАМҒА АЙРЫҚША ДАЙЫНДАЛЫП, КӨПШІЛІКПЕН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТЕДІ. БЕРЕКЕГЕ БАСТАҒАН ҚҰРБАН АЙТ БІРЛІК ПЕН ИГІЛІККЕ, МЕЙІРІМ МЕН КЕШІРІМГЕ ҮНДЕЙДІ.

Айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәу беге шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Раббысының разылығына, рақымына жақындай түседі. Өйткені араб тіліндегі «құрбан» сөзі «жақын болу », «жақындау » деген ұғымдарды білдіреді. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Ал л аға жетпейд і. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), деп баяндалған. Айт күндері қажылық парызын өтейтін күллі мұсылман баласы Жаратушыға жалбарына дұға жасап, құрбандық шалады. Қасиетті Мекке қаласында халқымыздың бірлігі мен берекесін тілеп жатқан отандастарымыздың да дұғасы, қажылығы қабыл болғай! Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу міндет емес. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларға, жетім мен жесірлерге, мүгедектер мен науқас жандарға таратылады. Құрбан айт күні ерте тұрып, ғұсыл құйынып, айт намазына қатысу Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті. Құрбан айт – кешірім мен мейірімнің, қанағат пен қайырымдылықтың мерек есі. Айттың құрметіне ізгілік пен к еңшілік тің жолын ұстанып, қараусыз қалған қарттарға қайырымдылық жасап, қамкөңіл жандарға сыйлық берудің сауабы мол.

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

облыс бойынша бас имамы