Жаңалықтар

Қаңтардағы тестілеу басталды

Қаңтардағы тестілеу басталды

Өтініштерді қабылдау уақыты 6 қаңтардан 9 қаңтарға дейін ұзартылды. Ғылым және жоғары білім министрлігі 8 қаңтар күні қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге қосымша орындар бос болатынын жазған еді. Сонымен қатар «ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11 қаңтарды қоса алғанда жалғасады», деп жазылған хабарламада. Биылғы қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау 6 қаңтар күні аяқталуы керек болған, бірақ бұл мерзім 9 қаңтарға дейін ұзартылды. Енді тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Қаңтардағы тестілеудің ақысы – 4 230 теңге. Тіркелу кезінде тестілеушілер күнді, уақытты және орынды таңдайды. Қаңтардағы ҰБТ-ға жазғы тестілеу нәтижелері бойынша шекті балға қол жеткізе алмағандар және ЖОО-ның күндізгі бөліміне ақылы негізде оқуға шартты түрде қабылданғандар, шығармашылықтан оқытудың басқа бағыттарына ауысқысы келетін университетте оқитын студенттер, ақылы негізде оқытудың педагогикалық бағыттарына ауысқысы келетіндер қатыса алады. Сондай-ақ мектептердің түлектері қалауы бойынша ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін осы айда тестілеуде бағын сынай алады. Ш.Әбдірұлы