Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі қызмет көрсету аумағындағы теміржолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өткізілген дөнгелек үстөл
Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі қызмет көрсету аумағындағы теміржолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өткізілген дөнгелек үстөл
09.01.2024 жылы Тараз станциясының Желілік полиция бөлімінің бірінші орынбасары полиция капитаны Р.Заппаров, Тараз станциясының Желілік полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Л.Копбаевамен «Қазақстан Республикасының теміржолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жол картасының» тармақтарының орындалу барысын талқылау үшін, «ҚТЖ ҰК» АҚ Әскерилендірілген теміржол күзеті Тараз филиалы директорының орынбасары Қ.Мадалиевтың және оларға бағынысты теміржол мекеме басшыларының қатысуымен дөңгелек үстөл өткізілді. Дөңгелек үстөлде теміржолда тасымалданатын жүктердің, мүліктердің, жылжымалы құрам, белгі беру және байланыс құралдарының ұрлануына, зиян келтіруіне және заң бұзушылықтарға жол бермеуге, бөгде адамдардың теміржол үстінен белгіленбеген жерлерден станция паркінде жүргізбеуге, теміржолдар арқылы адамдардың қауіпсіз өтуіне, малдардың кіруіне жол бермеу мақсатында, Ақшолақ, Ұшбұлақ, Талас, Бұрыл, Шайқорық, Аса, Құмшағал станция аралығында тасымал жүктердің және материалдық құндылықтардың ұрлануына жол бермеу үшін бірлескен шұғыл алдын алу жұмысын, сондай-ақ жазатайымға жол бермеу мақсатында, теміржол бойында орналасқан елді мекен тұрғындарына «Теміржол аса қауіпті аймақ» тақырыбында үгіт насихат жұмысын жүргізу және алдағы уақыттарда атқарылатын нақты іс-шаралардың сұрақтары қарастырылды. Тараз ст.ЖПб