Аймақ басшысы азаматтарды қабылдады
Аймақ басшысы азаматтарды қабылдады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға Тараз қаласы және Қордай, Т.Рысқұлов, Талас, Сарысу аудандарынан келген азаматтар өтініштерін жеткізді. Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар ауызсу, әлеуметтік көмек көрсету, автогаз, жер беру, тұрғын үй кезегі және өзге де мәселелерді көтерді. Аймақ басшысы азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтінішті жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі