Жаңалықтар

Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері бәс тігуден жарты миллиард теңге ұтылып қалды

Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері бәс тігуден жарты миллиард теңге ұтылып қалды

Бәс тігуге ақша алу үшін қызметкер туыстары мен жақындарын өтпейтін тендерлерге қатысуға шақырды. Осы схеманың арқасында ол 200 миллион теңгеден астам сомаға адамдарды алдап үлгерген.

Желтоқсан айының соңында сот жастар саясаты бөлімінің бұрынғы қызметкерін аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты.  

Ділмұрат Хамрақұлов алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ 10 жылға мемлекеттік сатып алу саласында қызмет көрсетуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.