Қоғам

Ата-аналарға мектептен қағаз түріндегі анықтама алудың қажеті жоқ

Ата-аналарға мектептен қағаз түріндегі анықтама алудың қажеті жоқ

Енді Қазақстанда ата-аналарға мектептен қағаз түрінде анықтама алудың қажеті жоқ. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі цифрландыру департаменті директорының орынбасары Майра Маралбаева айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Оның айтуынша, eGov mobile мобильді қосымшасында «Білім туралы ақпарат» атты жаңа цифрлық құжат іске қосылған.

Енді ата-аналарға оқу орнынан қағаз түріндегі анықтама алудың қажеті жоқ. Олар жеке куәлік секілді, eGov mobile қосымшасынан білім туралы ақпаратты ұсынса жеткілікті. 2023 жылғы 27 желтоқсаннан бастап оқу орнынан қағаз түріндегі анықтамаларды талап ету және алу тоқталылады», - деді Майра Маралбаева. Сондай-ақ диплом да цифрлық форматта беріледі.